Бағаланбай қалған батырлар: Қасым АХМЕТОВ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА есімі ұмыт қалған Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар жариялайды. Материалдарды жариялауға «Бағаланбай қалған батырлар» жинағының авторы Берік Әбдіғалиұлы көмек көрсетті.

Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - бағаланбай қалған батырлар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.

Қасым АХМЕТОВ - 1917 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Төлеңгіт ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Фин соғысына,1941 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысады. Автоматшылар взводының командирі. І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. 244-атқыштар полкінің командирі Қ. Ахметовті көрсеткен ерлігі үшін Кеңес одағының батыры атағына ұсынады. Бірақ белгісіз себептермен батыр атағы берілмей қалады. 1945 жылы 16 сәуірде Жеңіске аз ғана уақыт қалғанда Германия жерінде қаза табады.

 

Соңғы жаңалықтар