Бадминтоннан әлем чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бадминтон федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты жасөспірімдер арасындағы 2020 жылғы әлем чемпионатын кейінге шегерді. Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өтетін чемпионат енді 2021 жылдың қаңтарына ауыстырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірімдер арасындағы аралас командалық әлем чемпионаты 11-16 қаңтар аралығында, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 18-24 қаңтар аралығында өтеді. Жаңа Зеландияның коронавирус пандемиясына қарсы күрес тәсілі жоғары бағаға ие болып, бір апта ішінде бірде-бір вирус жұқтыру оқиғасы тіркелмегендіктен BWF мұндай шешім ұйымдастырушыларға жарыс өткізуге көбірек мүмкіндік береді деп мәлімдеді. Оған қоса қазір Жаңа Зеландияға келген адам 14 күндік карантинге жатуы керек. Вирус жұқтыру оқиғалары тіркелмегендіктен сапарларға қойылған шектеу алынып, тек ел азаматтары мен тұрғындарына елге кіруге рұқсат берілетін тәрізді.

«Барлық жайтты ескере отырып, бұл COVID-19-ға байланысты туындайтын кез-келген қиындықтан қашуға мүмкіндік береді. Біз Жаңа Зеландиядағы Бадминтон федерациясымен серіктестік орнатып, Оклендте үлкен шоу өткізетін күнді асыға күтіп отырмыз», - деді BWF бас хатшысы Томас Лунд.


Соңғы жаңалықтар