+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

БАӘ-ге органикалық өнімдерді жеткізуде Қазақстанның әлеуеті зор – Мемлекет басшысы

2020 жылғы 27 қаңтар 21:43
Бөлісіңіз:
БАӘ-ге органикалық өнімдерді жеткізуде Қазақстанның әлеуеті зор – Мемлекет басшысы

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының әлеуеті жоғары. БАӘ бизнес өкілдерімен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визалары 20 сәуірге дейін ұзартылады Асқар Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті Төтенше жағдай режимі кезінде шекара арқылы өтуге қандай жағдайда шектеу қойылады

«Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда бізде зор әлеует бар. БАӘ барлық азық-түлік тұтынудың 85 пайызын импорттайтынын білеміз. Жақында дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық стратегия» қабылданғанын білеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы стратегия аясында агроөнеркәсіп кешеніндегі сауданы және тамақ өнімдерін өндіру технологияларын дамыту - маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстанның Әмірліктерге органикалық және сапалы өнімдерді жеткізуде аумақтық, технологиялық және логистикалық әлеуеті бар. Осы өнімдерді БАӘ-ге тасымалдау үшін біз Әмірліктерді Қазақстанның тамақ өнімдерін өндіру саласына қаржы салуға шақырамыз. Әмірліктерде азық-түлік тұтыну деңгейінің 12 пайызға артқанын ескере отырып, біздің үкіметіміз бен компанияларымыз Қазақстаннан ұзақмерзімді азық-түлік тасымалын ұйымдастыруды ойластырып жатыр. Бізде үлкен әлеует пен мүмкіндіктер бар», - деп қорытындылады Қазақстан Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT