БАӘ билігі жазда көліктердің өртенуіне жол бермеу үшін ұсыныстар әзірледі

None
None
АБУ-ДАБИ.ҚазАқпарат – Абу-Дабидің Азаматтық қорғанысы көлік жүргізушілеріне ыстық ауа райында автокөліктердің өртенуі мүмкін екенін ескертті. Осындай оқиғаларды болдырмау үшін жүргізушілерді көліктерін үнемі тексеріп отыруға шақырды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Khaleej Times-қа сілтеме жасап.

Абу-Даби азаматтық қорғаныс басқармасының бас директоры, бригадир генерал Мұхаммед Ибрахим әл Амери автомобиль өрттерінің көпшілігі жүргізушілердің қауіпсіздік пен алдын-алу шараларын елемеуінен болатынын айтты.

Оларға ол көлік құралдарына мерзімді техникалық қызмет көрсетілмеуі, автомобиль жүйесіндегі электрлік және техникалық ақаулар, тұрақтағы көліктердің ішінде қолды тазартқыш құралдар, парфюмерия және оттықтар сияқты жанғыш заттардың қалуы жатады.

Автокөліктегі өрттердің алдын алу үшін олардың иелеріне автомобильдің салқындату жүйесін, қозғалтқыш майының деңгейін үнемі тексеріп, бақылауға алу, арнайы техникалық маманның жүйелі түрде қызметіне жүгіну, жанармай багының қақпағын мықтап жабу, майдың ағып кетуіне жол бермеу және қызып кеткен автомобильдің жанында темекі шегуден бас тарту ұсынылды.

Сондай-ақ жүргізушілерге көлікте өрт сөндіргіш пен алғашқы көмек қобдишасын ұстауға кеңес берілді.

«Дезинфекциялау құралдарының құрамында жанғыш алкоголь компоненттері бар, сондықтан оларды көліктерде қалдыруға болмайды. Жүргізушілер, әсіресе күн сәулесі тікелей түсетін жерде тұрғанда, көлігінің терезелерін толығымен жаппауы керек», - деді билік өкілдері.

Сәуір айында Дубай әмірлігінің полициясы осы жылдың алғашқы төрт айында көлік құралдарындағы, автобустар мен ауыр жүк көліктерін қоса алғанда, 94 өртті сөндіруге қатысқанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар