«Б» корпусы лауазымына үміткерлер мемлекеттік тілден тест тапсырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының лауазымына орналасуға үміткерлерге «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілінен тест өткізу жоспарланған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардың барлық салаларында, оның ішінде мемлекеттік басқаруда қолданылуының құқықтық негіздері бекітілген. Оны оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөніндегі міндеттер айқындалған. Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді»,- деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«Бағдарлама аясында мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының лауазымына орналасуға үміткерлерге «Қазтест» жүйесі бойынша шекті мән белгілей отырып, тестілеуден өткізуді енгізу жоспарланған», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар