21:20, 31 Наурыз 2020 | GMT +6
Азық-түлікті тегін алатын азаматтар санаты көбейеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азық-түлікті тегін алатын азаматтар санаты кеңейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде мәлімдеді.
«Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтар көбейеді. Мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да көмек ала алады. Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі», - деді Президент.