+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Азық-түлік дүкеніне келгендерге маска тағуға міндеттеледі – санитарлық дәрігерлер

2020 жылғы 26 наурыз 02:18
Бөлісіңіз:
Азық-түлік дүкеніне келгендерге маска тағуға міндеттеледі – санитарлық дәрігерлер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда азық-түлік дүкендеріне келетін клиенттердің барлығына маска тағу міндеттеледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді Берік Имашев үй карантинінде жатыр Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 260-қа жуық адам коронавирус жұқтырған

Азық-түлік дүкеніне келушілерде маска жоқ болса, қызметкерлер бетперде беруі тиіс.

«Дүкендерге тек маскамен кіруге болады. Егер келушінің маскасы болмаса, оған қызметкерлер беруі керек. Сауда орындарында осының бәрін қадағалайтын жауапты тұлға болуы тиіс. Сауда орнында санитайзерлер қойылуы керек. Санитарлық торапта сабын жеткілікті болуы шарт», - деді ол.

Ал дүкендерде қызмет көрсететін қызметкерлер де маска тағып, қолдарына бір реттік қолғап киюге міндеттеледі.

Наталья Дягилеваның айтуынша, маска таусылған жағдайда кәсіпкерлер сатып алуы тиіс.

«Келушілер де, сатушылар да осы талапты орындауы тиіс. Олай болмаған жағдайда жаза қолданылады», - деді ол.

Сонымен қатар, ертеңнен бастап Алматыда үлкен-кішілігіне қарамастан азық-түлік сайтпайтын барлық дүкендер мен сауда орындары жабылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT