Азия ойындарына іріктеуде Қазақстан хоккейшілері Өзбекстанмен тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу кезеңінде Өзбекстанмен тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық хоккейшілер бүгін Өзбекстанмен шеберлік байқасты. Қос құрама 3:3 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Еске салсақ, ұлттық құрама А тобында сынға түсуде. Қарсыластары - Оман, Таиланд, Гонконг және Өзбекстан.

Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Таиландтан 1:2, Оманнан 0:3 есебімен есе жіберді.

Енді олар 10 мамырда Гонконг құрамасымен кездеседі.

В тобында Бангладеш, Шри-Ланка, Индонезия және Сингапур құрамалары ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер аталған доданың финалдық кезеңінде екі мәрте бақ сынады. 1994 жылы 6-орын алса, 2018 жылы 11-орынды місе тұтты.


Соңғы жаңалықтар