«Әзірет Сұлтан» - Орталық Азиядағы ең зәулім һәм ең әдемі мешіт

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда жамағатының иықтаса Аллаға сыйынар имандылық ордасы - Әзірет сұлтан мешіті. Ашылғанына 6 жылға жуықтаған әлемдегі іргелі ғибадат үйлерінің біріне 12 мың адам сыяды. Шетелдіктерді ұлттық нақышымен тамсандырған мешіт - елордамыздың зәулім орындарының бірі болып тұрғанына дау жоқ. Астананың 20 жылдығы аясында оқырманның назарына Әзірет Сұлтан мешітінің тарихы туралы мәлімет беруді жөн көріп отырмыз.

Сөзсіз, «Әзірет Сұлтан» - Орталық Азиядағы ең әдемі әрі ең зәулім мешіт. Елбасының бастамасымен екі жыл ішінде салынып біткен мешіттің құрылысын Түркияның «Сембол Иншаат» компаниясы жүргізген. Қазақстанның Құрметті сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Сағындық Жанболатов пен ҚР Суретшілер одағы мен Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Есенғали Ахметовтің жобалауымен салынған имандылық ордасының әу бастағы сызбалық конкурсына әлемнің 54 компаниясы ұсыныс білдірген деседі. Мешіт жобасын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таңдап алған болатын. Алла тағала үйінің сәулеттік келбеті мен безендірілуі шығыстық та, Ортаазиялық та стильде емес, негізгі классикалық қалыпты сақтай отырып қазақы ерекше жаңа стильде жасалған деуге болады. Мешітке қазақтың көпсалалы, бай ою-өрнектері көптеп қолданылған. Басқа елдерде жоқ ерекшелігі - оюдың фоны мен өрнектің өзі үйлесімді оқылады.
null

Әзірет Сұлтан мешітің құрылысы 2009 жылы маусым айында басталған еді.

Мешіттің жалпы құрылыс аумағы 18 мың шаршы метрді құрайды. Ғибадат үйі үш қабаттан тұрады. 2012 жылы 6 шілдеде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ғибадат үйінің салтанатты ашылуы өтті. Имандылық ордасының ашылу салтанаты онмыңдаған адамның басын қосқан ең ірі шараға айналған болатын.

«Мешіттің Тәуелсіздік даңғылында, Бейбітшілік пен келісім сарайы және Тәуелсіздік сарайы ортасында орналасуының өз мәні бар. Бүгінгі оқиға еліміздегі имандылыққа бет бұрған жамағаттың көбейгендігінің айғағы. Адамгершілікке шақырып, ізгілікке үндейтін мешіт санының артуы дінмен бірге қоғамның да деңгейін аңғартады. Сондықтан да, асыл дінімізге қолдау көрсету - елдік парызымыз», -деді Елбасы.
null

Мемлекет басшысы мешіттің ашылу салтанатында салмағы 40 келі болатын көне Құран Кәрімді сыйға тартты. Болжам бойынша XII ғасырда жазылған, Қазақстанға шамамен XIV ғасырда әкелінген Құран Кәрім кітабы Оңтүстік Қазақстаннан табылған еді.
null

Ғибадат үйінің бірінші қабатында дәретхана, екі неке залы және 500 адамға арналған асхана бар. Мешіттің екінші қабатында ерлердің намаз оқу залы орналасса, үшінші қабатында имамдар бөлмесі мен сыныптар, діни бағдарлама түсіретін студия бар. Әйелдерге арналған намазхана залы - үшінші қабатта.
nullnull

Имандылық ордасының күмбездер саны - 10. Күмбездердің диаметрлері - 10,45 метр. Төрт мұнараның әрқайсысының биіктігі - 77 метр. Мешітте 26 тірек бар. Ғибадат үйінің аумағында 745 көлікке арналған ашық автотұрақ тұр.
null

Екі жылға созылған мешіттің құрылысына 100-ден астам жергілікті және шетелдік құрылыс компаниялары араласты. Құрылысқа қажетті заттар әлемнің 11 елінен әкелінді. Үлкен намаз залындағы биіктігі 51, ені 28 метрлік күмбезді Орталық Азиядағы ең үлкені екенін айта кету керек. Әйнегі таза хрустальдан,  негізгі бөлігі жезден жасалған салмағы 3 тонналық люстра арнайы осы мешіт үшін дайындалған.
null

Әзірет Сұлтан мешіті шетелдік мәртебелі меймандардың арнайы келер имандылық ордасына айналып отыр. Нақтырақ айтқанда, ашылғалы бері Түркия мемлекетінің бұрынғы президенті Абдулла Гүл, Бахрейн королі Хамад ибн Иса әл-Халифа, АҚШ-тың экс-мемлекеттік хатшысы Джон Керри, Британияның Еуропа және Америка істері жөніндегі министрі Алан Данкан, Канада мемлекетінің Китченер - Ватерлоо шаһарының мэрі Брэнда Хэллоран ханым және тағы басқа мәртебелі қонақтар мешітке арнайы келіп қайтқан. Әзірет Сұлтан мешітінің ұлттық нақыштары туристтерді қызықтыратынын тіпті шетелдік БАҚ-тардың жазғаны бар.
null

Түркия радио-теледидар порталы бұл жайлы: «Орталық Азияның екінші үлкен мешіті Әзірет Сұлтан мешітінің іші ұлттық нақыш, ою-өрнектермен безендірілген. ...Астананың теңдесі жоқ және керемет ғимараттарының бірі. Мешіт 13 гектарлық алаңға ие. Шамамен 10 мың адамның ғибадат жасауына жағдай жасайтын мұнаралы  мешіт  дәстүрлі хан сарайы тәрізді. Әзірет Сұлтан мешітін аралау үшін Қытайдан, Ираннан, Еуропаның әртүрлі елдерінен көптеген турист келеді», - деп жазады.

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар