Әзербайжанда жылдық инфляция 12 пайызға жетуі мүмкін

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) биылғы жылы Әзербайжанда жылдық инфляция 12,3 пайызға жетеді деп болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа сәйкес, бұл болжам Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттерінің әлемдік экономикаға тигізетін салдарымен байланысты. Болжам бойынша, келер жылы Әзербайжанда жылдық инфляция 8,7 пайызды құрайды.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында ХВҚ Әзербайжандағы тұтыну бағасының индексі биыл 3,2% болады деп болжаған болатын.


Соңғы жаңалықтар