Әзербайжанда жалған вакцинация паспортын жасатқандар 5 жылға дейін түрмеге қамалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әзербайжанда коронавирусқа қарсы вакцинация паспортын жалған жасатқандар 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзербайжанда сатып алынған жалған вакцинация паспорттары үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, бас бостандығынан айыру көзделген. «Әзербайжан заңнамасына сәйкес жалған COVID-паспортын сатып алудың қылмыстық құрамы бар екенін хабарлаймыз», — деді ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Эльшад Гаджиев. Егер вакцинация туралы заңсыз құжаты бар азамат басқа адамға вирус жұқтырса және ол адам қайтыс болса, 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Гонконг пандемияға байланысты елге кіру шектеулерін күшейтуде – 21 күндік оқшаулау белгіленді. Бұл туралы автономия әкімшілігінің басшысы Кэрри Лам мәлімдеді. Алайда, бұл карантиндік ерекшеліктердің шұғыл қызмет мамандары мен азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктерінің жүргізушілеріне қатысы жоқ. Кэрри Лам карантиндік шараларды күшейту материктік Қытаймен шекараны тезірек ашуға деген ұмтылыспен байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ міндетті 21 күндік карантиннен өтпейтіндер қатарында қонақүйдің топ-менеджерлері, ірі корпорациялардың басшылары, ғалымдар, сондай-ақ кемелер мен ұшақтар экипаждарының мүшелері бар.


Соңғы жаңалықтар