Әзербайжанда Парламент сайлауында дауыс беру аяқталды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де Әзербайжанда Парламент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі мәліметтер бойынша, сағат 17:00-де 2 389 754 азамат дауы берген, бұл барлық дауыс берушінің 44,84 пайызы. Елде 5 329 461 азамат дауыс беру құқығына ие.

Айта кетейік, Милли Меджлисте 1 314 үміткер бақ сынады. Оның 246-сы 19 саяси партиядан тіркелген. Сайлауға қатысушылардың арасындағы үміткерлердің 21 пайызы әйелдер, 79 пайызы ерлер. 125 сайлау округінде 5573 сайлау учаскесі істеді.

Сайлауды 883 халықаралық және 77 790 жергілікті бақылаушы бақылады.


Соңғы жаңалықтар