+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Әзербайжанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

2020 жылғы 28 ақпан 17:36
Бөлісіңіз:
Әзербайжанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

БАКУ. TREND – ҚазАқпарат –Әзербайжан министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб коронавирус жұқтырған алғашқы жағдайдың анықталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат trend.az агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінген ҚХА Төрағасының орынбасары: Бірлігімізді жоғалтпай қатаң шектеу шараларын ұстансақ, бұл індетті де жеңеміз Қазақстанға коронавирусты емдейтін жаңа препарат әкелінді

Агенттіктің хабарлауынша, инфекция жұқтырған – Ресей азаматы. Иран- Әзербайжан бағытында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан коронавирустың алғашқы белгілері анықталған, осыған байланысты вирус жұқтырған азамат аурухананың арнайы инфекциялық бөліміне жатқызылды. Жүргізілген сынамалар мен тестердің қорытындысы оның вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты.

Сонымен қатар, вирустың таралуын және оның салдарын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдануда. Қажетті ақпаратты алу үшін пациентпен байланысқан адамдарды анықтау, оның вирусты қайдан жұқтырғанын, сондай-ақ таралу жолдарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT