Әзербайжанда коронавирус инфекциясынан екі адам қайтыс болды

None
None
БАКУ. АЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат – Әзербайжан Республикасында COVİD-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам көз жұмды. Бұл туралы елдің Министрлер кабинеті жанындағы Жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Жедел штаб хабарламасында Әзербайжан Республикасының 1931 жылы туған азаматы қант диабетімен ауырғаны көрсетілген. Ал қайтыс болған екінші адам - 1956 жылы туған ӘР азаматы, жүректің ишемиялық ауруымен, артериялық гипертензиямен және қант диабетімен ауырған.

Олардың COVID-19-ға тестілері оң нәтиже көрсеткен. Науқастардың денсаулығын тұрақтандыруға арналған реанимациялық шаралар нәтиже бермеген.

Қазіргі уақытта қайтыс болған пациенттердің отбасы мүшелері, сондай-ақ олармен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге алынды.


Соңғы жаңалықтар