Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» басталды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әзербайжанның ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиеті апталығы» басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары аясында 2021 жылдың 7 сәуірінде Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжанның ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасында болып, онда аталмыш кітапхана директоры Мамед Алиевпен кездесті.

Тараптар кітапхана өкілдері ұйымдастырған, сәуірдің 7-сі мен 14-і аралығында өтетін «Қазақ әдебиеті апталығын» бірлесіп ашты.

Шараның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде М.Алиев бұл жобаның екі мемлекеттің мәдени және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қосатынын айтты.

Өз кезегінде Сержан Әбдікәрімов екі ел жастарының болашағы үшін білім, кітапалмасу және ғылыми зерттеулермен алмасу бағытындағы байланыстарды кеңейтудің маңызы зор екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар кітапхана ісіне қатысты ғылыми-ақпараттық ынтымақтастықты белсендендіріп, осы бағытта ғылыми кітапханалар және Қазақстан мен Әзербайжанның мекемелері арасында тиісті келісімге қол қоятын болып уағдаласты.


Соңғы жаңалықтар