Әзербайжанда карантин шаралары күшейтіледі

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда Covid-19 вирусын жұқтырған азаматтар санының күрт өсуіне және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бірқатар шектеу енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Әзербайжандағы тілшісі.

Оперативтік штабтың хабарлауынша, 19 қазан сағат 00.00-ден 2 қараша сағат 06.00-ге дейін Баку метрополитенінің қызметі тоқтатылады.

Көрсетілген мерзімде елдің барлық білім беру мекемесінде каникул жарияланды.

Қызметкерлерді қашықтан басқару режиміне көшіру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жұмысқа шығуы 30% - ға дейін қысқарады.

Осындай талаптар мен ережелер жеке секторда және басқа салаларда жұмыс істейтін мекемелер мен ұйымдарға ұсынылады.

Жоғары тәуекел тобына кіретін 65 жастан асқан адамдарға қажеттіліксіз үйден шықпауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ, қабылданған шаралар аясында жедел штаб азаматтарды жеке гигиена ережелерін, сондай-ақ медициналық-профилактикалық ережелерді қатаң сақтауға, қорғаныс маскаларын қолдануға, қажет болған жағдайда үйден шығуға, қоғамдық орындарда бейтаныс адамдармен аз байланыста болуға, қолданыстағы карантиндік жағдайларды сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар