Әзербайжанда карантин режимі жеңілдеді

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан Министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб елдегі карантин режимін жеңілдететін бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.
Жедел штаб карантин режимін 2021 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған.
Жаңа шаралар 18 қаңтардан бастап тұрғылықты жерінен кетуге рұқсат алу үшін SMS рұқсат алу тәртібін жойған.
Жаңа ережелерге сәйкес, 25 қаңтардан бастап шаштараз салондары, дүкендер, мұражайлар мен көрме залдарын, ал 1 ақпаннан бастап тамақтану орындары, кафелер мен мейрамханалар қайта ашылады.
Қоғамдық көліктер демалыс күндері бүкіл елде жұмыс істемейді. Ал Баку метрополитені жабық күйінде қалады.
Сауда орталықтары, ірі сауда орталықтары, оқу орындары, курстар әзірге басталмайды. Алайда мектептерді ашу туралы шешім келесі аптада Білім министрлігінің қатысуымен өтетін брифинг барысында жарияланады.
Барлық жерде маска кию керек.
25 қаңтардан бастап Баку, Сумгаит, Гянджа, Мингечевир, Ширван және Апшерон қалаларын, сондай-ақ Ланкоран, Масалли, Жалилабад, Шеки, Загатала, Губа, Хачмаз, Евлах, Барда, Біласувар және Исмаиллы аймақтық орталықтарын қоспағанда кіру-шығу мүмкіндігіне рұқсат беріледі.
Сонымен қатар, Әзербайжанда халықты вакцинациялау 18 қаңтарда басталатыны, бірінші кезеңде медициналық қызметкерлерге екпе жасалатыны белгілі болды. 1 ақпанда екінші кезең басталып, 65 жастан асқан адамдарға вакцинация салынады.
Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясының тарауына байланысты Әзербайжан билігі бүкіл елде 14 желтоқсаннан 18 қаңтарға дейін күшейтілген карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдаған еді.
Өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын тағы 402 адам жұқтырған. 650 адам сауығып, 15 көз жұмған болатын.
- Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
- 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
- БҚО-да биыл коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты
- Ashyq қосымшасы Алматыда қай мекемелерде қолданылады
-
Атырау түрмелерінде сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат берілді
-
Қостанайда карантин шаралары туралы жаңа қаулы: Сотталғандарды ПТР-дан өткізу қамтамасыз етіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам