+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Әзербайжанда карантин 1 желтоқсанға дейін ұзартылды

2020 жылғы 28 қазан 21:47
Бөлісіңіз:
Әзербайжанда карантин 1 желтоқсанға дейін ұзартылды

БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат – Әзербайжанда карантин режимінінің мерзімі 1 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстанның 3 қаласында бастауыш мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқытылады Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы Жамбыл облысына 72 жастағы қарт коронавирустан айықты

Коронавирус инфекциясы жаңа түрінің (COVID-19) таралуын және оның ықтимал салдарының алдын алу мақсатында ел аумағында Әзербайжан республикасы Министрлер кабинетінің қаулысы негізінде айрықша карантин режимінің мерзімі 2020 жылдың 1 желтоқсаны сағат 06:00-ге дейін ұзартылды.

Оперативті штабтың мәліметінше, соңғы күндері Ләнкәран қаласы, Жәлилабад, Масалли аудандарында инфекция жұқтырғандар саны артқан. Осыған байланысты 29 қазанда сағат 00.00-де аталмыш қала мен аудандар аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады. Тек арнайы және жедел қызметтер мен жүк көліктеріне ғана өтуге рұқсат етіледі.

Төменде көрсетілген күндері Баку, Сумгайыт, Гянжа, Мингячевир, Шеки, Ширван, Ләнкәран қалаларында, Абшерон, Гейгель, Самух, Сабирабад, Губин, Агстафин, Билясувар, Хачмаз, Исмаиллин, Гах, Загаталь, Жәлилабад, Масалли аудандарында қоғамдық көліктердің жүрісі тоқтатылады:

31 қазанда сағат 00.00-ден 2 қарашада сағат 06.00-ге дейін;

7 қарашада сағат 00.00-ден 9 қарашада сағат 06.00-ге дейін;

14 қарашада сағат 00.00-ден 16 қарашада 06.00-ге дейін;

21 қарашада сағат 00.00-ден 23 қарашада 06.00-ге дейін;

28 қарашада сағат 00.00-ден 30 қарашада 06.00-ге дейін.

«Азаматтарды COVID-19 вирусына қарсы күрестегі карантин талаптарын қатаң сақтауға, медицина маскасын тағу және басқа да қажетті медицина-профилактика құралдарын қолдануды, қоғамдық орындарды бөгде адамдармен барынша аз байланыста болуға шақырамыз», делінген штаб хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT