Әзербайжан өзінің энергетикалық жобаларына Қазақстан компанияларын тартуда

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Caspian Drilling Company Ltd және қазақстанның KMG Drilling & Services компаниясы өздігінен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын сенімді басқару шартына қол қойды. Бұл жайында «ҚазМұнайГаз» компаниясына сілтеме жасап Trend агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Құжатқа Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың «Socar» Әзербайжан мемлекеттік мұнай-газ компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаевтың кездесуі барысында қол қойылды.

Шартқа сәйкес, әзербайжандық тарап іске асырып жатқан жобалар негізінде өздігімен көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын экплуатациясын көздейді. Қондырғы «Вritish Рetroleum» компаниясы игеріп жатқан Абшерон құрылымында пайдаланылады. Сондай-ақ ынтымақтастық аясында қондырғы жаңғыртылады. Бұл тереңдігі 6000 метрден асатын барлау ұңғымаларын қауіпсіз және тиімді бұрғылауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қаңтар айында «ҚазМұнайГаз» және «SOCAR» басшылары Баку қаласында ынтымақтастық аясын кеңейтуді, соның ішінде, Каспийдегі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, логистика, мұнай және мұнай өнімдерін сату салаларындағы әріптестікті дамытуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар