Әзербайжан Қазақстанға жылқы етін экспорттамақшы

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан жылқы етін Қазақстанға экспорттамақшы. Бұл туралы Әзербайжанның ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Сейфаддин Талыбов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«Биылдан бастап Әзербайжан жануар тектес дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға кірісті. Біз Молдовамен келісімге қол қойдық, бірақ экспортымыздың басты бағыты Қазақстан болады. Бұл мәселе халықаралық құқық комиссиясының отырысында талқыланып, қазақстандық тараппен нақты қадамдарды іске асыру басталды», - деді С. Талыбов. 

Соңғы жаңалықтар