Азаматтық қорғау органдарының құлақтандыру жүйесі тексеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 29 маусымда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейінгі аралықта азаматтық қорғау органдарының құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықты төтенше жағдайлар туралы құлақтандыру және ақпараттандыру негізгі қауіпсіздік шарасы болып табылады. Ол тұрғындарды қандай да бір авария немесе табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларынан болатын қираулар салдарынан қорғайды.

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдар мен дабылды сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштар) қысқа уақытқа қосу, теледидар эфирлерін және радио арналарын ұстап қалу, ақпаратты интернет-ресурстар мен мобильді қосмшаларға орналастыру жоспарландыру.

«Баршаның назарына» дыбысты сигнал – бұл ескерту дабылы. Ол төтенше жағдайлар қаупі болғанда немесе туындағанда барлық шұғыл хабарламалар берер алдында халықтың назарын аудару үшін беріледі.

Дыбыстық сигналды естіген соң қалыптасқан жағдайда алдағы іс-әрекеттері бойынша нұсқау алу үшін теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшадағы ақпаратты оқу қажет.

Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылысардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жұмысы тексерілетін болады.

Республикалық құлақтандыру жүйесін тексеру қорытындысы бойынша еліміздің халқын уақтылы ақпараттандыру мен құлақтандыруды қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар пысықталатын болады.



Соңғы жаңалықтар