Азаматтарға қандай жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетілмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту үшін бірқатар негіздер көзделген.

Қызмет көрсетуден бас тарту кезінде заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен тұрақты негізде қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Осылай, карантин режімі жағдайында онлайн-жиналыс өткізіліп, оған аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімі аппараттарындағы заң қызметі, ішкі бақылау қызметі бөлімдерінің, жер қатынастары мен сәулет бөлімдерінің басшылары қатысты.

Департаменттің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов заңнамаға сәйкес қызмет алушылардың құжаттарының дұрыс болмауы, ұсынылған мәліметтердің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранысқа уәкілетті мемлекеттік органның берген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар қызметті немесе оның бөлек түрлерін атқаруға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар, не болмаса мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айыратын сот шешімі бар қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілмеуі мүмкін. Қызмет алушы қызмет ұсынудан бас тартудың себептерін жойған жағдайда қызмет алуға қайта жүгіне алады.

Жиналыс барысында қызмет ұсынушыларға қызмет алушылардың құқықтары, сондай-ақ қызмет ұсынушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Ә.Мұхамеджановтың айтуынша, қызмет ұсынушылар азаматтарға мемлекеттік қызмет алу үшін тең жағдай жасап, қағазбастылыққа жол бермеуі, ашықтық пен тиімділік қағидаттарын ұстануы, қызмет көрсету процесін тұрақты негізде жетілдіруі тиіс.

Кеңес қорытындысы бойынша қызмет алушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.


Соңғы жаңалықтар