Азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-бот іске қосылғандығы туралы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қосты деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты ашылғандығы туралы ақпарат фейк болып табылады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боты іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұрамайды.
«Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады»,-делінген хабарламада.
- Президент экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды
- Батыс Қазақстанда бақташы 36 дана киік мүйізімен ұсталды
- Ақтөбеде түн жарымында көше кезген 222 жасөспірім полицияға жеткізілді
- Шетелдік әйел Атырау тұрғынынан ақша талап етіп, видеоңды интернетке саламын деп қорқытқан
-
СҚО-да қызы әкесін тонап, шотындағы 800 мың теңгеге жуық ақшаны қолды еткен
-
Әкімшілік әділет шетел инвестициясының артуына сеп болады – Аслан Түкиев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам