Азаматтардың шағымдары бойынша нақты шешімдер бюрократиясыз қабылдануы тиіс - Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтардың шағымдары бойынша нақты шешімдер бюрократиясыз қабылдануы тиіс. Бұл туралы Ақордада Президенттік кадр резервіне кірген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үшінші қағида - азаматтардың сұраныстарына жедел үн қату. Қазақстандықтардың шағымы, өтініші немесе жүгінулерін жедел қарау қажет. Олар бойынша нақты шешімдер бюрократиясыз қабылдануы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, таяу жылдары мемлекеттік басқару жүйесінде бюрократиялық процестердің басым бөлігі автоматтандырылатын болады.

«Яғни, белгілі бір деңгейде бұл сіздердің жұмыстарыңызға да байланысты болмақ. Мемлекеттік сектор блокчейн, бигдата, жасанды интеллекті құралдарын пайдалана бастайды. Осынау технологияларға негізделген мемлекеттік жүйе қоғам мәселелеріне алдын ала әрекет етуге және өзекті әлеуметтік проблемаларды дер уақытында шешуге мүмкіндік береді. Бұл белгілі бір деңгейде ертеңгі емес, бүгінгі күннің шындығы. Бірақ, өкінішке орай мемлекеттік қызметшілердің барлығы бірдей мұны түсіне қойған жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Соңғы жаңалықтар