Азамат Өміртаев: қосымша учаскелерді ашу - халықтың медқызмет түрлерін кезексіз пайдалануына мүмкіндік

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесі шеңберінде атқарып жатқан жұмыстарымен денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері танысып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография сынды қымбат медициналық қызмет түрлерін пайдаланғандардың саны артты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін мұндай қызмет айына тек 1300 ге жуық адамға көрсетілетін. Қазір олардың ​ саны үш есеге өсіп, енді ​ 4000-дай адамға қолжетімді болды. Сонымен қатар, жобаның арқасында жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша 5 емхана ашылып, 8 оңалту орталығы қолданысқа берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында ​ медициналық сақтандыру​ жүйесі 2019 жылғы 1 қыркүйекте іске қосылған болатын.​ Кеншілер аймағы бұл жобаны пилоттық режімде бастады. ​ Облыстағы​ еңбек ететін 395 мың азамат жүз пайыз міндетті әлеуметтік ​ медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілді. Ал ​15 санатқа кіретін​ 830 мың тұрғынға мемлекет ​ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар қазір аймақта 90 мыңнан астам өзін өзі жұмыспен қамтушы азамат бар. Өзін өзі жұмыспен қамтитын азаматтарға арналған төлем терминалдары қарастырылған. 2020 жылы​ Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласына 93 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 24 процентке артық. Оның үштен бір бөлігі міндетті медициналық сақтандыруға бағытталған.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қаражатты ұлғайтып, қосымша медициналық қызмет көрсететін учаскелерді ашуға мүмкіндік беріп отыр. Біздің басты мақсатымыз медициналық мекемелердегі үлкен кезектерді азайту. Әр учаскеге 1500 адамнан ғана тіркесек, халық медициналық қызмет түрлерін кезексіз пайдалана алады. Осылайша сапалы медициналық қызметті қолжетімді етеміз», - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС департаментінің директоры Азамат Өміртаев.


Соңғы жаңалықтар