+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Азамат Біржанов: Президенттік жастар кадр резерві — меритократия мен ашықтықтың айқын белгісі

2020 жылғы 2 ақпан 11:41
Бөлісіңіз:
Азамат Біржанов: Президенттік жастар кадр резерві — меритократия мен ашықтықтың айқын белгісі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов Президенттік жастар кадр резерві туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азамат Біржановтың айтуынша, еліміз үшін өткен жылдың және биылғы жылдың мән-маңызы ерекше. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен барша ел болып Жастар жылын өткізілді. Алдымызда Еріктіліктер жылы – игі істердің жылы болмақ. Елімізде патриоттардың жаңа буыны қалыптасады деген сенім мол. Мемлекет білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісіне айрықша мән беріп отыр. Жалпы, еліміздегі бастамалардың барлығы жас буынның жарқын болашағы үшін қолға алынды.

«Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасалды. Енді ынта жастардың қолында. Бизнес жасаймын десең аз пайыздық мөлшерлемемен несие берілуде, ауылға барып қызмет етем десең «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы қарқын алып жатыр. Тек Ақмола облысы бойынша ғана 4,5 мың жас маман бұл бағдарламамен қызметін жасап жүр, білімімді шыңдаймын десең «Болашақ» бағдарламасы арқылы кез келген мемлекетке есік ашық. Ал былтырдан бастап саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет етіп, жаңа идея мен нәтижелі жұмыс жасап, ел дамуына пайдасы тигіземін дейтін жастарға Президенттік жастар кадрлық резервіне жол ашық», - дейді Азамат Біржанов.

Осы ретте, ол бұл меритократия мен ашықтықтың айқын белгісі екенін айтуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында айтылған бұл жобаға әрбір жас азамат бақ сынап, алға шығуы мүмкін.

«Осының дәлелі 300 жастарымыз «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» болып, үздік атанды. Мен де тәуекелге бел буып қатыстым, барлығы да айтарлықтай оңай, талаптары мен шарты түсінікті. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өсиетін үнемі есте ұстай отырып, басқа да жастармен бақ сынауға кірсіп, екінші кезеңнен шалындым. Барлығы да дұрыс, әділетті өтті. Тестілеуде сұрақтарға жауап бергенше уақытым тауысылып, 29 балл ғана жинап шекті деңгейді өте алмадым. Еш мойымаймын, келесі жылға дайындалып, өзімді қайта сынамақпын. Еліміздің барлық жастарына туған елімізді шексіз қадірлеп, оған адал қызмет етіп, ұлтжанды, отаншыл патриот ретінде күш-жігерімізді Қазақстанды жаңа белестерге көтеруге жұмсайық. Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден!» - деп түйіндеді Азамат Біржанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT