Айсұлтан Сейітовтің видеоклипі «BooooooomTV» сыйлығын иеленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің отандасымыз - рэпер «Қара зире майының» (шын аты-жөні Айдын Нұралин) «Тылсым әлем» атты композициясына түсірген видеоролигі Канаданың BooooooomTV Awards 2020 тұғырнамасында «Жылдың үздік музыкалық видеосы» санатында марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айсұлтан Сейітов – Ол Қазақстаннан, Алматы қаласынан шыққан режиссер. Егер сіздер қандай да бір сәтте тұғырнамамызды назарыңызда ұстасаңыз, онда соңғы 2 жылда сайтымызда жарық көріп жүрген Сейітовтің қазақстандық рэпер Қара зире майына арналған видеоларын байқаған шығарсыз. Біз үшін бейтаныс әлемнің өзге бөлігінен мұндай контентті көру қызықты да. Оның үстіне бұл шығармашылық жұптың бірлескен жұмысы шынымен де ерекше», - делінген канадалық тұғырнаманың Instagram-парақшасында жарияланған ресми ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар