Әйелдерді ұрып-соғуды қолдаған ЕҰУ оқытушысы жұмыстан шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әйелдерді ұрып-соғу туралы атышулы пікір жазған оқытушыны жұмыстан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Е. Сүлейменов есімді қолданушы әйелдерді ұру керектігін жазып, өзін исламист, ұлтшыл, жидофоб деп атаған. Кейінірек оның Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы екені анықталды.

«Университет Е. Сүлейменовке қатысты тексеру жұмыстарын қорытындылады. Этика жөніндегі комиссия оның іс-әрекетін жалпыадамзаттық әдеп нормаларына сай келмейді деп бағалады. Аталған комиссия ұсынымымен Е. Сүлейменовпен еңбек келісімшартын бұзу туралы ректор бұйрығы шықты», - деп жазды ЕҰУ баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар