+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Әйелдерде директорлар кеңесінің шешіміне ықпал ету мүмкіндігі артады - Раушан Сәрсембаева

2020 жылғы 24 қазан 12:35
Бөлісіңіз:
Әйелдерде директорлар кеңесінің шешіміне ықпал ету мүмкіндігі артады - Раушан Сәрсембаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының басшысы Раушан Сәрсембаева Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында әйелдерді лауазымды қызметке тартуға қатысты айтылған ұсыныстарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің корпоративтік секторда әйелдердің лауазымдық ілгерілеуі үшін 30 пайыз көлеміндегі квотаны енгізуге қатысты айтқаны өте прогрессивті норма деп ойлаймын. Осы бағыттағы ұсыныс өте қажет және оны біз оң көзқараспен қабылдадық. Бұл өз кезегінде компаниялардың директорлар кеңесінде нәзік жандардың үлесін арттыруға ықпал етеді. Қазір 5-7 пайыз шамасында болса, енді 30 пайызға дейін жетеді. Еліміздегі сауатты, парасатты әйелдерде директорлар кеңесінің шешіміне ықпал ету, маңызды шешімдер қабылдау мүмкіндігі болады», - деді Р. Сәрсембаева.

Оның пайымынша, ұжымда әйелдер көп болса, олар өмір сапасын арттыруға ерекше мән береді.

«Осы арқылы Қазақстанда барлық қажетті қадамдар жасалып жатқанын аңғаруға болады. Сәйкесінше, бұл шаралар гендерлік теңдік рейтингісіне де әсер етеді. Аталған 30 пайыздық үлес аз уақыттың ішінде тиісті көрсеткіштерді арттыруға мүмкіндік береді. Осы орайда әйел адамдар шешім қабылдауға белсенді қатысады, нәзік жандардың басым бөлігінің пікірі түрлі әлеуметтік жобаларды, заңнаманы қабылдауда назарға алынады. Бұл әлемдік тәжірибе және Мемлекет басшысының арқасында Қазақстан осы бағытта саяси күш-жігерін танытып отыр», - деді Раушан Сәрсембаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев меншігінде мемлекеттің үлесі бар компанияларда басшылықтың 30 пайызы әйелдер болуын міндеттеу қажеттігі туралы Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысына назар аударды.

«Біз бұл бастаманы біртіндеп жүзеге асыру жолдарын қарастыруымыз керек деп ойлаймын. Мұндай қадам әйелдердің бизнес саласына деген қызығушылығын арттырады», – деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT