Әйелдер күресінен Азия чемпионатында Қазақстан төрт қола жүлде алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар төрт қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

55 келідегі Марина Зуева кіші финалда жапониялық Хана Хигашикавамен белдесіп, айласын асырса, 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мадина тағы жапониялық Юми Конды мерзімінен бұрын ұтып, қола медаль жеңіп алды.

Ал 76 келіде ел намысын қорғаған Эльмира Сыздықова үшінші орын үшін өткен кездесуде моңғолиялық балуан Ганбатты 7:0 есебімен ұтып, ел қоржынына төртінші медальді салды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер күресінен 50 келі салмақта ел намысын қорғаған Валентина Исламова қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, кеше грек-рим күресінің шеберлері жарыстарын аяқтап, бүгін әйелдер арасындағы бәсеке басталған болатын. Грек-рим балуандары құрлық додасын бес медальмен аяқтады. Оның біреуі алтын, біреуі күміс және үшеуі қола медаль. Нәтижесінде жалпы есепте 136 ұпаймен үздік үштіктен көрінді.

Азия чемпионатында 190 ұпай жинаған Иран құрамасы көш бастаса, екінші орынды 146 ұпай еншілеген Өзбекстан құрамасы жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар