Әйелдер күресі: Валентина Исламова Токио Олимпиадасының 1/8 финалында жеңілді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токиода Олимпиада ойындарында бүгін әйелдер күресінен бірқатар белдесу өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Токио бозкілеміне 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуандар белдесті.

Аталған санат бойынша ел сапынан Валентина Исламова кілемге шықты.

Жарыстың бірінші айналымында ол эквадорлық Лусии Ямили Йепес Гусманимен кездесті. Белдесу 6:9 есебімен Валентинаның қарсыласының еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, эквадорлық Гусмани финалға шыққан жағдайда Қазақстан балуаны Валентина жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК


Соңғы жаңалықтар