+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Әйелдер құқығы үшін күрес: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

2021 жылғы 8 наурыз 06:00
Бөлісіңіз:
Әйелдер құқығы үшін күрес: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді Қазақстанда жаңа мереке аталып өтеді Асхат Аймағамбетов отандық ғалымдарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Биылғы мереке алғаш рет коронавирусқа қарсы карантин шектеулерімен тұспа-тұс келіп отыр.

Атаулы күннің тарихы әйелдер құқығы үшін күреспен тікелей байланысты. 1857 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте жұмысшы әйелдер манифестке жиналды. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын.

Ал 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысымен наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту шешімі қабылданды. 1914 жылдан кейін бірнеше елде 8 наурыз әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды.

Бұл күн – әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.

Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі дүйсенбіге тура келеді. Сәйкесінше қазақстандықтар сенбі, жексенбі және дүйсенбіде демалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT