Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ресми сайты ашылды

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ресми сайтының тұсаукесер рәсімі өтті,

деп хабарлады ҚазАқпарат.

 Комиссияның www.ncgp.kz веб-порталынан еліміздегі гендерлік теңдіктің дамуына қатысты толық ақпараттарды, сонымен қатар аталған ведомствоның қызметіне, лауазымды тұлғаларына қатысты материалдарды алуға болады.

 Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі Серік Ахметовтің айтуынша, қазіргі уақытта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейтін сайт қажетті ақпараттармен толықтырылу үстінде. Сондай-ақ кері байланыс пен инфографика жасау да көзделіп отыр.

 «Бұл сайтты ашудағы негізгі мақсат - қоғамды гендерлік мәселеге қатысты жайттармен ақпараттандыру және ең өзекті мәселелер бойынша сұхбат алаңын құру», деді өз сөзінде С.Ахметов.

Оның айтуынша, сайтты ашу қоғамның сұранысына, Ұлттық комиссия қызметінің тұрақты дамуына және заңнамалық базаның кеңеюуіне тікелей байланысты.

Соңғы жаңалықтар