Айдос Үкібай Елбасының қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған видеосын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter әлеуметтік желісінде Нұр-Сұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеода Елбасы Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында атқарылған істер туралы айтып өтті.

«Мен 30 жыл бойы жас ұрпақтың жарқын болашағы мен ел мүддесі жолында аянбай еңбек еткенімді мақтан тұтамын. Бұл зор мәртебе мол бақыт. Елім үшін, халқым үшін, тәуелсіз Қазақстаным үшін нарықтың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайын тұрғанымды білесіздер. Тәуелсіздік сияқты қастерлі құндылықтарды сақтауға тырыстым. Бар күш-жігерімді туған елімнің еңсесін биік ұстауға арнадым. Артымда арқа сүйер халқымның тұрғаны барлық сынақтарды сүрінбей өтуіме ұйтқы болды. Егемендіктің алғашқы сәтінен бастап, Отанымызды өркендетуге, елдігімізді нығайтуға зор үлес қосқан, заманның ауыр жүгін бірге көтерген барша Қазақстан жұртшылығына шынайы алғысымды білдіремін»,-деді Елбасы.









Соңғы жаңалықтар