Айдар Шәрібаев WBA құрлықаралық чемпионы белбеуі үшін бокстасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев (7-0, 6 КО) пен америкалық Эндрю Канчионың (17-4-2, 13 КО) титулдық жекпе-жегін белгіледі. Бұл туралы бүгін елордада Diamond Ring промоутерлік компаниясы мен «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентті арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою кезінде белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Diamond Ring боксшысының сегізінші айқасының уақыты мен орны ғана емес, болашақ қарсыласы да өзгерді. Жеңіліп көрмеген Қазақстан өкілі 29 жастағы америкалық Эндрю Канчиомен Индиодағы (АҚШ) Fantasy Springs Casino отель-казиносының аренасында күш сынайды.

Канчио соңғы рет 2016 жылдың қыркүйегінде рингке шығып, өзінің отандасы Джозеф Диастан (26-0, 14 КО) жеңілген еді және Солтүстікамерикалық бокс федерациясының (NABF) атағынан айырылған болатын.

Бұл жекпе-жек Шәрібаевтың екінші жартылай жеңіл салмақтағы дебюті және бірінші титулдық айқасы. Боксшылар Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) құрлықаралық чемпионы белбелбеуіне таласады.

Бұдан бұрын қазақстандық боксшы жеңіл салмақта жеті рет жұдырықтасып, жеңіске жеткен (оның ішінде 6-ын нокаутпен) еді. 

Соңғы жаңалықтар