Айбат Сейтен Аргентина чемпионын тізе бүктірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлем барысында» Қазақстанның намысын қорғауға шыққан бес балуанның бірі Айбат Сейтен аргентиналық Лучиано Дель Риомен боз кілемге шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айбат Сейтен кездесудің алғашқы жартысында жартылай жеңіске жеткен болатын. Бірақ қарсыласы да осал емес еді. Лучиано Дель Рионың грек-рим күресінен Оңтүстік Американың чемпионы, Пан-Америка чемпионатының қола жүлдегері, Аргентина чемпионы секілді атақтары бар. Алайда қазақ күресінен сақа Айбат аргентиналыққа есе жіберген жоқ. Белдесудің аяқталуына жақындаған уақытта Лучианоны алып ұрып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Еске сала кетсек, бұған дейін боз кілемге шыққан қазақстандық үш балуан Айбек Нұғымаров, Еламан Ерғалиев пен Ержан Шынкеев қарсыластарын ұтып, келесі кезеңге өткен болатын. Ал өзбек балуанынан ұтылып қалған Дәурен Нұралинов жарыстан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар