Автобуста маска тағудан бас тартқан қызға 83 мың теңге айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобуста маскасыз отырғаны үшін ескерту алған қыз ашуға бой алдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қоғамдық көліктердегі карантин шараларын бұзу деректерін бақылауға алды.

Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Маскасыз отырған үшін қызға автобус жолаушылары, жүргізушісі ескерту жасаған. Өзін бейнекамераға түсіре бастағанда қыз ашуланып былапыт сөз айтып, телефонды лақтырған.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы тексеру жүргізді, оның барысында қыздың кім екендігі анықталды.

«Заңға сәйкес шара қолдану үшін ол полицияға жеткізілді. Бұл 22 жастағы Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Оған бірден екі әкімшілік іс қозғалды. ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды (30 АЕК). Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы – ұсақ бұзақылық бойынша материалдар шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.


Соңғы жаңалықтар