Автобус үйге соғылды: Қостанайда жол апатынан әйел көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Затобол кентінде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс орталығының іргесіндегі ауылда жолаушылар автобусы мен Volkswagen Tiguan жеңіл көлігі соқтығысты. Кейін автобус тұрғын үйдің қоршауын бұзып өтіп, үйдің өзіне соғылған.

Аймақтық Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, автокөлікте 60 жастағы әйел жүргізуші болған. «Ол қауіпсіздік белдігін тақпаған, орындық пен панельдің арасына қысылып қалған. Бас миы зақымданып, қабырғалары сынған. Оны қарау кезінде демі үзіліп, жүрегі тоқтады. Жарақаты тым ауыр болды», - деді басқармадан.

Ал 42 жастағы автобус жүргізушісіне «қабырғаларының жабық сынығы, денесінің соғылуы» диагнозы қойылды».

Фото: «Қостанай жаңалықтары»
Соңғы жаңалықтар