Австралияда төрт метрлік питон гольф алаңында кенгуруды жұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда төрт метрлік аметист питоны гольф ойнаушылардың көзінше кенгуруды жұтып қойған. Бұл туралы сейсенбі, 13 желтоқсан күні BBC News хабарлады.

Оқиға Квинсленд штатының солтүстігінде орын алған. Ойынға қатысушылар тегіс алаңда секіріп жүрген кенгуру-валлабидың жанындағы алып бауырымен жорғалаушыны көрген.

«Барлығы таң қалысты. Бұл әдеттегі жағдай емес», - деді спортшылардың бірі журналистерге. Оның айтуынша, жыланға кенгуруды жұту үшін  бес минут қана жеткілікті болған. Содан кейін алып жылан кеуіп кеткен өзен аңғарына кіріп кеткен көрінеді. Гольф ойыншылары ары қарай ойындарын жалғастырды. Өйткені мұндай оқиға  бұрын да орын алған. 

Соңғы жаңалықтар