Австралияда акула шабуылдаған ер адам мерт болды

None
None
ЛИОН. ҚазАқпарат – Австралияның солтүстік-батыс бөлігіндегі Брум қаласына жақын маңдағы жағалауда акула шабуылдаған ер адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Жыртқыш қаланың бас жағажайларының бірінде суда жүзіп жүрген азаматты бас алған. Акула оның қолын жұлып алған, сондай-ақ ер адам аяғынан ауыр жарақат алды. Оқиғаның куәгерлері зардап шеккен азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем шақыртқан. Алайда ер адам жедел әрдем келгенше жантәсілім етті. Жағажай қазір жабық, онда күзет қойылған.

«Бұл жантүршігерлік жағдай. Оқиға оған куә болған адамдардың жүйкесіне әсер етері сөзсіз. Олар біздің де ойымыздан кетер емес»,-деді Батыс Австралия штатының премьер-министрі Марк Макгоуэн.

Бұл құрлықта ең қауіпті саналатын Австралияның батыс жағалауында соңғы 1,5 айда болып отырған екінші жағдай. Биыл акулалардың осындай шабуылдарының салдарынан 8 адам қайтыс болған.



Соңғы жаңалықтар