Авиациялық қауіпсіздік саласында кейбір нормативтік құқықтық актілер өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Авиациялық қауіпсіздік саласында бірқатар нормативтік құқықтық акті қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Түзетулер авиациядағы киберқауіпсіздік бойынша персонал даярлау, азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау мәселелері бойынша авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшы құрамы үшін қосымша дайындық сабағы, қашықтан емтихан өткізуге мүмкіндік беру, азаматтық авиация ұйымы қызметінің типтері мен санаттары бойынша тексеру парақтарын бөлуді және т. б. Қамтиды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау мен қайта даярлаудың жаңартылған бағдарламасы және авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгілік бағдарламасы (тексеру парақтары) «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ интернет порталының авиациялық қауіпсіздік бөлімінде және «Әділет» заң базасында қол жетімді.

Халық арасында авиациялық қауіпсіздік туралы ақпараттандыруды арттыру және авиациялық қауіпсіздік мәдениетін нығайту мақсатында ICAO кеңесі 2021 жылды «авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылы» деп жариялау туралы шешім қабылдады. Мұндай маңызды мәселеге назар аударылуы 2021 жылы АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған қайғылы оқиғаның 20 жылдығы ықпал етті.

Осыған байланысты азаматтық авиация үшін қауіп-қатердің маңыздылығын әрдайым есте сақтау және түсіну, сондай-ақ реттеуші нормативтік құқықтық актілерде жаңа ережелерді әзірлеу және қабылдау арқылы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің озық әдістерін тұрақты негізде ілгерілету өте маңызды. Авиациялық қауіпсіздік саласындағы тиісті нормативтік-құқықтық актілерді шығаруы және оларды азаматтық авиация субъектілерінің іс жүзінде қолдануы авиациялық қауіпсіздік мәдениеті туралы ақпаратты тарату саласындағы стратегияларды, жоспарлар мен шараларды жүзеге асыруға қойылатын негізгі ICAO талабының бірі.

Осыған байланысты және «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ-ның нормативтік құқықтық актілерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ИИДМ Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп, авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау ұлттық бағдарламасына және авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгілік бағдарламасына (тексеру парақтары) елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған нормативтік құқықтық актілер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің төрағалығымен салалық сарапшылардың қатысуымен өткен Индустрия мәселелер жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жан-жақты қаралып, бекітілді.


Соңғы жаңалықтар