Ауызашарға келген қонақтардың ішінде коронавирус жұқтырған адам болған - Есмағамбетова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауызашар кезінде жаппай коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол коронавирус анықталмаған аудандарда не себепті карантин талаптары сақталатынын айтып өтті.

«Коронавирус жағдайы тіркелмеген өңір жоқ. Күн сайын жағдайға мониторинг жүргізіп отырамыз. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық өңірде карантин шаралары сақталуы керек. Аулада болсын той өткізгісі келетіндерді түсінеміз, бірақ өзгеге ауру жұқтырып алмау жағын ойлауымыз керек. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз. Қытай, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер коронавирусты жеңді деп ойламаңыздар, олар әлі де бұл дертпен күресуде», - дейді ол.

Оның айтуынша, отбасылық мерекелерді өткізуге тыйым салынған.

«Аймақтардың бірінде тыйым салынғанына қарамастан ауызашар жасаған жағдай кездесті. Қонаққа барғандардың ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам болған. Сондықтан қонаққа баруды, қонақ шақыруды, ауызашарға баруды тоқтату керек», - дейді ол.



Соңғы жаңалықтар