Ауыз сумен қамтамасыз ету интерактивті картасына жаңа функциялар енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі интерактивті картаға өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, картаға азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (Е-өтініш) арқылы халықпен кері байланыс орнатуға арналған жаңа функциялар қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, ауылдарды сумен қамтамасыз ету деңгейін мониторингілеу үшін Министрлікпен тұрғындарға қолжетімді интерактивті карта әзірленген болатын.

Картаның көмегімен әрбір азамат өзін қызықтыратын кез-келген ақпаратты көре алады.

Мәселен, өңірдің сумен қамтамасыз етілуі, қаржыландыру, қаражатқа деген қажеттілік, халық саны туралы және басқа да мәліметтер жүктелген.

Жалпы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Алматы (99,1%), Атырау (99%) және Қызылорда облыстары (97,8%) көш басында тұр.

Дегенмен, бірқатар өңірде артта қалу ар.

Ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай (74,9%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (83,5%) байқалады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқы арасында сумен жабдықтау қызметтеріне деген қолжетімділік 93%-ды құрайды.


Соңғы жаңалықтар