+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Ауыз бекіткен адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыра ала ма

2021 жылғы 12 сәуір 12:23
Бөлісіңіз:
Ауыз бекіткен адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыра ала ма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингіде қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай вакцина алу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияда 80 жастағы әйелге бір күнде вакцинаның екі дозасы егілген Бельгиялық Фландрия вакциналау санын екі есе көбейтті Қазақстанда вакцинаның екі дозасын алған 44 адам коронавирус жұқтырған

Оның айтуынша, егер зат (сұйықтық) адам ағзасына ауыз немесе мұрынмен асқазан-ішек жолдары арқылы түсетін болса, ораза бұзылады. Ал вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды.

«Қазір коронавиурс тек біздің елге ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіруде. Ғалымдар мен медицина қызметкерлері одан құтылудың жолын іздестіріп жатыр. Дәрігерлер қазір бұл індеттен құтылудың бірден-бір жолы ретінде екпе салуды ұсынып отыр. Өзім дәрігерлерге сенемін. Сондықтан жаппай вакцина алғанымыз дұрыс. Екпенің шариғатқа ешқандай қайшылғы жоқ»,-деді қаланың бас имамы.

Е. Шоқай дәруменге жатпайтын, тек емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат берілгенін айтты.

«Вакциналау инфекциялық аурулардың алдын алады және адамның иммунитетін көтереді. Вакцина дәрумен емес. Сол себепті екпе терінің астына, бұлшық етке немесе қан арқылы енгізілсе, ораза бұзылмайды», - деді Алматы мешітінің бас имамы.

Сондай-ақ брифинг барысында ПТР тесттен өту оразаны бұзбайтыны да айтылды. Имамның айтуынша, тек ішке тамақ, не су қабылдағанда ғана бұзылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT