Ауыр жүк көлігі иелерінен пара алып келген инспекторлар сотқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жемқорлықпен күресушілер Нұр-Сұлтан көліктік бақылау инспекциясының лауазымды шенеуніктері жүйелі түрде пара алып отырғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткен аптада қалалық көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Тергеу нұсқасына сай, олар жалпы «қамқорлық» жасап, ірі габаритті көліктердің Нұр-Сұлтан қаласының аумағында кедергісіз жүріп-тұруына көмек бергені үшін жүйелі түрде пара (бір көлік үшін айына - 50 мың теңге) алып келген», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік өкілінің айтуынша, көліктік бақылау саласындағы жемқорлық фактілеріне соңғы екі жылда терең талдау жүргізілген. Жемқорлықпен күресушілер бұл салада көбінесе көлік құралдарын арнайы рұқсатсыз жібермеу және әкімшілік жауапкершілікке тартпау себеп болатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар