Ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов қызметінен босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, бұл шешім Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды.

«Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін ауыр атлет Альберт Линдердің өлімінен кейін Қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері Сергей Седов қызметінен шеттетілгені туралы жазған болатынбыз.

Қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар