+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ауылдың ахуалына баса назар аудару қажет – Мемлекет басшысы

2021 жылғы 10 шілде 13:40
Бөлісіңіз:
Ауылдың ахуалына баса назар аудару қажет – Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылдың ахуалына баса назар аудару қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Ауылдың ахуалына баса назар аудару қажет. Менің тапсырмам бойынша Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылды. Нәтижесі жаман емес. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 2 есеге артты. Мал басы 24 пайызға өсті. Жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, тіркелмей өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны азайды. Үкімет бұл жобаның ауқымын кеңейту мүмкіндігін қарастыру керек», - деді ҚР Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Мемлекет басшысы табыссыз қалған азаматтарымызды қолдау мақсатымен «Жұмыспен Қамту жол картасы қабылданғанын атап өтті.

«Бұл бағдарламаға триллиондап қаржы жұмсалды. «Жұмыспен қамту» жол картасын жүзеге асыру барысында бірқатар кемшіліктер болды. Бұл туралы мен өткен жиында атап көрсеттім. Соған қарамастан біз биыл әкімдердің өтініші бойынша жобаны жалғастыруды ұйғардық. Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесіп, жобаларды сапалы түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Былтырғы қателіктерді қайталауға болмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT