Ауылдағы жұмыссыз әйелдер белсене кәсіпкерлікпен айналысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «G-Global» Халықаралық хатшылығы - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамаларының қоғамдық провайдері болып табылады. 

Хатшылық мемлекеттік, халықаралық ұйымдар, бизнес-қоғамдастық пен азаматтық қоғам арасындағы диалог алаңы ретінде қызмет атқарады. G-Global ақпараттық-коммуникациялық платформасының жұмысын жүргізеді.

Хатшылықтың негізгі мақсаттары келесі:

  • экономикалық өсім мен жаһандық экономика тұрақтылығына ықпал ету;
  • әлемдік экономиканы басқаруда идеялармен, тәжірибемен, біліммен жан-жақты алмасу;
  • халықаралық ұйымдармен әріптестік пен іскерлік қатынастарды дамыту;
  • G-8, G-20 және басқа да халықаралық бірлестіктер шеңберінде қабылданатын ұсынымдарды әзірлеуге қатысу болып табылады.

«Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы қазақстандықтардың Жасыл экономикаға өту жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға байланысты төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Олар:

Бірінші бағыт - жасыл экономиканың тәжірибе жинақтау мен оларды беруге арналған таныстырылым алаңдарын құру.

Екінші бағыт - ЭКСПО-2017 қонақтары мен туристердің тамашалауына арналған өзге де объектілер.

Үшінші бағыт - БҰҰДБ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ, WWF, БҰҰ-ның «Барлығы үшін орнықты энергия» бастамасы секілді және тағы да басқа халықаралық ұйымдармен бірлесіп ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде тақырыптық, мәдени, туристік және экскурсиялық іс-шаралар ұйымдастыру.

Төртінші бағыт - жасыл экономиканы институциялық қолдау. Бұлар - ауыл әйелдеріне арналған жыл сайынғы кезекті «Coca-Cola белестері» конкурсы, «Менің жасыл Қазақстаным» атты республикалық жастар конкурсы, БАҚ арасындағы «Жасыл баспасөз» конкурсының қорытындылары шығарылатын Жасыл экономика көшбасшылары форумы.

Бірнеше жылдан бері, бәріміз байқағандай, «Coca-Cola» халықаралық қоры «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясымен бірігіп, ауылдық жерде әлеуметтік жобаны жүзеге асырып келеді. Жобаның атауы - «Coca-Cola белестері». Бұл бағдарлама «Жасыл» технологияларды пайдалана отырып, ауылдағы жұмыссыз әйелдерге өз бизнесін ашуға мүмкіндік беруде. Нақтылап айтсақ, осы жоба аясында 2013 жылдан бері 40 әйел білім алды. Бүгінгі таңда олар өздерінің шағын бизнестерін дөңгелетіп отыр және соның арқасында өз жерлестерін де жұмыспен қамтамасыз етуде.  

Биыл, аталған бағдарламаның маңызды жалғасы ретінде жаңадан тағы бір жоба қолға алынбақ. Яғни, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келетін қонақтарды «Арнасай» ауылында күту.

Ақмола облысының іргесінде ғана орналасқан Арнасай елді мекенін республикамызда «Қазақстанның алғашқы «жасыл» ауылы» деп таниды. Себебі жергілікті жердің халқы экологиялық таза технологиялар негізінде өнім алып отыр.

Бұл жобаның басты мақсаты - шетелден келген қонақтарға еліміздің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қазақтың алтын бесігі -ауылдық жерде таныстыру. Сол үшін бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда.  Ауыл ішінде 10 үй іріктеліп алынды. Іріктеуден өткен үйлерге «Жасыл» технологиялар, атап айтсақ, күн коллекторлары, күн панельдері орналастырылмақ. Сонымен қатар бұл үйлердің жанында бау-бақша бар. Олар «Жасыл» технолоргияларды қолдана отырып, дастарханын жайнатып, 4 мезгіл тамағын беріп, келген қонақтарды күтеді. Бұл қадам да шағын бизнестің бір тетігі болмақ, деп сендірді ұйымдастырушылар.  

 

Соңғы жаңалықтар