+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ауылда тұрған әкім халықтың жағдайымен тікелей таныс болады – Мәлік Мырзалин

2021 жылғы 27 шілде 10:40
Бөлісіңіз:
Ауылда тұрған әкім халықтың жағдайымен тікелей таныс болады – Мәлік Мырзалин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылды басқаратын әкімдер қала немесе аудан орталықтарында тұрмауы керек. Осындай ойды ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Заңнамада ешқандай тәртіп қарастырылмаған. Сайлау комиссиясы қорытынды шығарады, кандидатты тіркейді, содан соң сайланған әкім бірден қызметіне кіріседі. Демек бүгін-ертең болатын іс. Ауыл әкімдері де мемлекеттік қызметші, сондықтан оларға да талап ортақ. Бұл сайлауда ауыл әкімін жергілікті халықтың өзі таңдағандықтан, ол елдің мұң-мұқтажымен таныс, әрі халыққа жақын болады. Халықта өзі сайлаған адамды жақсы танығандықтан мәселелерін әкімге тікелей жеткізе алады, бұл дегеніміз екіжақты яғни кері байланыс бар деген сөз», - деді М. Мырзалин «Хабар24» телеарнасына сұхбат беру барысында.

Оның айтуынша, ел басқаруда халықпен өзара қарым-қатынастың маңызы ерекше.

Сондай-ақ, М. Мырзалин сайланған әкім сол ауылда тұруы тиіс деген ойды алға тартты. Мәлімдеуінше, ауылда тұрған әкім жергілікті мәселелерді өз көзімен көріп, халықтың жағдайымен тікелей таныс болады.

«Бұған дейін сайлаусыз тағайындалған әкімдер қалада немесе аудан орталықтарында тұрып, ауылды басқарғанына сенімдімін. Енді ауыл халқы өздері сайлаған әкімнің олай істеуіне жол бермейді», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT