Ауылда өмір сүруге қолайлы жағдай жасау біздің міндетіміз - Жеңіс Қасымбек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Есеп беру кезінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекет тарапынан фермерлерге қандай қолдау көрсетілетіні және аграрлық секторда қандай жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында халықтың бестен бір бөлігі ауылда тұрады.

«Біздің міндетіміз – ауыл тұрғындары үшін қолайлы және сапалы өмір сүру жағдайын жасау», - деп атап өтті өңір басшысы.

Ол өткен жылы қолайсыз ауа райына қарамастан облыста жақсы өнім жиналғанын атап өтті. Бұл өңірді толығымен қамтамасыз етіп, тіпті астықты экспорттауға мүмкіндік берді.

Өңірде мал шаруашылығы да белсенді дамуда. 2019 жылы 1 386 тонна ет экспортталды. Негізгі өткізу нарықтары Иран, Қытай және Өзбекстан елдері болды.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбектің айтуынша, агро-өнеркәсіптік кешеннің өңделген өнімдерін экспорттау көлемі өсуде. Бұл өнімнің негізгі бөлігі – Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан және Қытай сатып алатын ұн, май және макарон өнімдері. 2020 жылы қайта өңделген өнім экспорты тағы 5%-ға артады деп жоспарлануда.

Өткен жылы өңірдің ауыл шаруашылығына 19,4 млрд теңге инвестиция тартылды. Азық-түлік өндірісінде - 1,6 млрд теңгеге қаражат жұмылдырылды.

Жалпы, агро-өнеркәсіптік кешенге инвестициялар есебінен өңірде 31 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 1500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ облыс басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – өңірдің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. 2019 жылы облыстың 210 кәсіпорны 110 миллиард теңгеге өнім өндірді. Бие, түйе және ешкі сүтінен балалар тағамы мен сүт өнімдерін өндіретін зауыт салынуда.


Соңғы жаңалықтар